Ұлттық спорт

Жамбыл облысында ұлттық ойын түрлерінен жарыс өтті

news-banner7
mobile-news-top

Шараға Алматы және Түркістан облыстары мен жергілікті 10 ауданның спортшылары қатысты. Олар қазақ күресі, көкпар, бәйге сияқты ұлттық ойындарға қатысып, үздіктерді анықтады.

Жарысқа әсіресе шабандоздар ерекше дайындықпен барыпты. Аламан бәйгеге 30-ға жуық ат қосылып, сәйгүліктер де сынға түсті. 26 шақырым қашықтыққа шапқан жүйріктердің ішінен «Қазақстан барысы» турнирінің бірнеше дүркін жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаевтың қосқан аты бас жүлдені жеңіп алды. Шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған. Мақсат – қазақы салт пен ұлттық құндылықтарды кейінгі ұрпаққа дәріптеп, ескі дәстүрді қайта жаңғырту.

Түпнұсқасы: 24.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер