Уолкотт үшін маусым аяқталды
![Уолкотт үшін маусым аяқталды](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1389048433_500423739.jpg?v=28698545)
Футболдан Англия кубогы аясында «Тоттенхэммен» (2:0) өткен кездесуде, Тео Уолкотт ауыр жарақат алды, деп мәлімдейді «Канонирлердің» ресми сайты.
Жартылай қорғаушы тізе буынын үзіп алды. Осылайша, «Арсенал» футболшысы үшін маусым аяқталды. Сондай-ақ, ауыр жарақатына байланысты, футболшы алдағы жылы Бразилияда өтетін Әлем чемпионатына қатыспайтын болды.
Уолкотт жасыл алаңға алты-тоғыз айдан кейін ғана оралады.