Әлем футболы

Анри «Монаконың» тізгінін ұстады

Анри «Монаконың» тізгінін ұстады
news-banner7
mobile-news-top

Аты аңызға айналған француз футболшысы Тьерри Анри ресми «Монако» клубының бас бапкері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

41 жастағы француз маманы Бельгия ұлттық құрамасының бас бапкері көмекшісі қызметінен босатылып, бүгін ресми «Монако» клубының тізгінін ұстады. Қос тарап 2021 жылға дейін келісімшартқа отырған.

Естеріңізге сала кетсек, «Монако» басшылығы бұрынғы бас бапкері Леонардо Жардимді осы маусымдағы сәтсіздігінен соң орнынан босатқан болатын.

Тьерри Анри «Монако» клубының тәрбиеленушісі. Сондай-ақ туған командасында 1994-1999 жылдар аралығында өнер көрсеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер