ММА

Хабиб ұрған спортшы: Ешқашан біреудің дініне қатысты дөрекілік танытқан емеспін

Хабиб ұрған спортшы: Ешқашан біреудің дініне қатысты дөрекілік танытқан емеспін
news-banner7
mobile-news-top

Конор-Макгрегордың жұптас-серіктесі Диллон Дэниc «ғасыр жекпе-жегінен» соң орын алған оқиғаға қатысты оқиғаға қатысты өз пікірін білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, жекпе-жек тоқтатылған соң, Нұрмағомедов октогоннан шығып, Диллон Дэниске шабуыл жасаған еді. Артынша көпшілік төбелес басталып кеткен болатын.

Конор-Макгрегордың жақыны жекпе-жек кезінде дағыстандық спортшының намысына тиген екен. Көптің сөзіне сенсек, ол чемпионның дініне қатысты дөрекілік танытқан.

- Хабиб Нұрмағомедовтың жанкүйерлері оның іс-әрекеттерін ақтау үшін мені даттаумен әлек. Бірақ мен ешқашан біреудің дініне қатысты дөрекілік танытқан емеспін, танытпаймын да. Невада штатындағы Атлетикалық Комиссия жүргізіп жатқан зерттеу жұмыстарының нәтижесін тағатсыздана күтемін. Ол сандырақ пікірді жоққа шығарып, шынымен де кінәлі адамды жазалайды, —дейді ол.

Осыған дейін UFC президенті Дана Уайт Нұрмағамедовке жаза түрінде 250 мың доллар айыппұл салынуы мүмкін екенін сөз еткен еді. Сондай-ақ, ол дағыстандыққа жарты жылға спорттың осы түрінен шегерілу қауіпі төніп тұрғанын айтқан.

Түпнұсқасы: stan.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
0
Пікірлер