Б. Калкназаров блогы
Футбол

Моуриньо қалады ма?

Моуриньо қалады ма?
news-banner7
mobile-news-top

Бүгінгі күнде Моуриньоның «Манчестер Юнайтед»тен кетіуі немесе қалыуы жайлы ақпараттар футбол жанкүйерлері тарапынан әлеуметтік желіде ең көп талқыланып жатыр. Демек бугін менде сол жайлы әңгіме жүргізгелі отырмын. Деген менен сұрақтар және талқыға салатын жәйттер көп, сондықтан асықпай тоқталып өтіуді жөн санаймын.

Моуриньо кетіуіне себептер :

1. Нәтижелер. Әрине Мориньоның клубтан кетуге итермелейтін ең басты нәрсе ол, командасының соңғы кездердегі нәтижелері болып тұр. Қәзіргі таңда «Манчестер Юнайтед» Ағылшын Примьер Лигасында өзіне жараспаған 8 сатыда тұр. Одан бөлек команда Лига кубогынан да шығып кетті, ал ЧЛ- сында команданың нәтижесі қанағаттандырады. Бұл жайттер меніңше тек қана клуб жанкүйерлері емес клуб басшыларында ойландырып отырғаны сөзсіз.

2. Ішкі тартыста. Көпшіліктің білетініндей Моуриньо бапкерлік еткен командаларында әрқашан да өз ойыншылары немесе клуб қызметкерлерімен келіспеушіліктер жиі болған. Ия бұл жағдай «МЮ»де де жалғасын табуда. Мориньо келгелі Марсиял, осы қыста сатып алынған Санчез секілді ойыншылар мен жанжалдасып үлгерді. Енді Мориньоның нысанасы командадағы ең үздіктердің бірі Поль Погба болып отыр. Бұған себеп Мориньоның Погба Франция құрамасындағы секілді жанын беріп ойнамауда деген пресс конференциялардағы жолдауы. Жәнеде Погба да бұл «ойындардан» тыс қалмай БАҚ өкілдерімен сұқбатында «Команданың әрқашан қорғаныста шамадан тыс ойнауын» қаралап шыққандығы. Бұл сөз ойындарынан кейін «МЮ» футболшыға сұқбаттар беріуді шектеп қойды. Жағдай осылай жалғаса берсе команда не бапкермен, не футболшы менен қош айтысыуға тура келеді.

Моуриньо қалады?!

Айтып өткенімдей түрлі әлеуметттік желілерде, спорттық сайттарда Моуриньо қалсынба?, әлде Зинедин Зидан келсінбе?, немесе оданда басқа бапкер келуі керекпе? деген сұрақ тесттері жүріп жатыр. Тесттерде белгілі болғанындай жанкүйерлер 57% дауысты Моуриньо қалыуына, 31% дауыс Зидан келуіне, 12% дауысты басқа бапкер келуіне берген. Демек футбол қауымы Моуриньоға әліде сеніммен қарайды. Меніңше де «МЮ» басшылары бапкерімен жар ортада қош айтысқысы келмейді. Бұган себептердің бірі Моуриньоның контрактіндегі егер келісім шарт мерзімінен бұрын клуб тарапынан бұзылатын болса, өтем ретінде Жозеге 20 миллион евродан астам қаржы толеу керек. Екіншіден Жоземен қош айтысқан соң, клуб оның дәрежесіндегі бапкерді маусымның ортасында табу қыйын. Командаға «орташа» бапкердің келіуі клуб амбициясына да тура келмейтіндей, сонымен қатар Моуриньодан соң, жанкүйерлерде жиһан дәрежесіндегі бапкерді алып келінгенін қаласа керек. Сондықтан Моуриньо кем дегенде келесі жазға дейін «Олд Траффорд» та қалатындай.

Менің ойымшада Моуриньоның қазіргі күнде «МЮ» дан кеткені дұрыс шешім емес секілді көрінеді. Себебі португалдық бапкер әлемге әйгілі Сэр Алекстен кейін клубты сол өз дәрежесіне қайтармасада, соған жақын алып келді. Клуб 2013 жылғы чемпиондық маусымнан кейін бірінші рет өткен маусым 2 орынға жайғасты жәнеде клуб соңғы екі маусымды Чемпиондар Лигасында өнер көрсетіп жүр. Бұл көрсеткіштерді Жозе Моуриньодан алдынғы бапкерлер жасай алмаған(Мойес пен Ван Гал). Ендігі кезде бұл клубтың өз қалпына келіп Евроаренада әліде күшін көрсетеді деп үміт артамыз. Басқа жағдайда біз Италияның Милан клубының қазіргі таңдағы жағдайына қарап көңіліміз қынжылады. Ал туманды альбиондық «қызыл сойқандар» ол жағдайға жете қоймас деп сенеміз. Сөз соңында айтатыным футболды сүйіңіздер, жанкүйер болыңыздар, ал біз осылай мақалалар жазып барамыз.

Калкназаров. Б

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер