Футзал

«Қайраттың» элиталық кезеңдегі қарсыластары анықталды

news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Ньонда футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасы элиталық кезеңінің жеребесі тартылды.

Қазақстан чемпионы әрі УЕФА Кубогының екі дүркін жеңімпазы «Қайраттың» қарсыластары анықталды.

Алматылық клуб чехиялық «Хрудим», италиялық «Пескара» және беларусьтік «Лидамен» бір квартетте ойнайды. Матчтар «Хрудимнің» аренасында өтеді.

Айта кетейік, футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасы элиталық кезеңінің матчтары 13-18 қарашада өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер