русский язык
Футбол

«Тобыл» Бразилиялық клубпен кездеседі. Масленов жаңа келісімшартқа қол қойды

«Тобыл» Бразилиялық клубпен кездеседі. Масленов жаңа келісімшартқа қол қойды

«Тобыл» футбол командасы Түркияға оқу-жаттығу жиынын өткізуге аттанды.

«Мұнда қостанайлық команда төрт жолдастық кездесу өткізеді. Біріншісі, бразилиялық клубқа қарсы болса, кейін ресейлік «Мордовия» және корейлік клубпен кездеседі. Төртінші қарсыласы әлі белгісіз», - деді команданың спорттық директоры Константин Гальченко.

Бұдан басқа екінші ОЖЖ барысында клуб басшылығы жаңа келісімдерге қол жеткізді. Осылайша, Александр Шкот жаңа келісімшартқа қол қойса, бапкерлер: Сергей Масленов, Валерий Гаркуша мен Евгений Антонов  қостанайлық клубпен жаңа келісімге келді.  

Екінші ОЖЖ-на аттанған футболшылардың тізімі:

Ойыншылар: Бугаев, Андреев, Бекбаев, Богданов, Волков, Джалилов, Хаиров, Омаров, Новакович, Делибашевич, Жұмасқалиев, Куртиши, Кучера, Еслинак, Кургулин, Малышев, Красич, Петухов, Сулей, Тонев, Шливич, Нұрғалиев, Эльмурзаев, Уразов, Дели. Бапкерлер: Масленов, Гаркуша, Антонов, Глущенко, Ким, Базалик, Вельман, Алистратов, Гальченко, Баймуратов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;