Футзал

Футзалдан Қазақстан Суперкубогы тікелей эфирде көрсетіледі

Футзалдан Қазақстан Суперкубогы тікелей эфирде көрсетіледі
news-banner7
mobile-news-top
Қазақстан футбол федерациясы YouTube-арнасында 14 қазан күні Щучинск қаласында өтетін футзалдан Қазақстан Суперкубогын тікелей эфирде көрсетеді.

Бас жүлдені алматылық «Қайрат» пен «Ақтөбе» командалары сарапқа салады. «Қайрат» ойынға ел чемпионы және Қазақстан Кубогының иегері ретінде қатысса, «Ақтөбе» ел чемпионатының күміс жүлдегері ретінде алаңға шығады.

Кездесу «Жақсы» спорт кешенінде өтеді. Ойын Астана уақытымен 14:00-де басталады.

Түпнұсқасы: kff.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер