Бокс

Чемпиондық белбеуді қайтарған Сондерс жазаланбақ

news-banner7
mobile-news-top

Британиялық боксшы Билли Джо Сондерс орта салмақтағы WBO чемпиондық белбеуін босатты, деп жазады Prosports.kz сайты.

Боксшының бұл шешімге келуіне Массачусетс штатының Атлетикалық комиссиясының (MSAC) Деметриус Андрадеге қарсы өтуі қажет болған жекпе-жекке лицензия бермей қоюы себеп болды. Қыркүйек айының соңында Сондерстің қанынан тыйым салынған оксоксилофрин атты дәрумен табылған.

Бұған қоса Дүниежүзілік бокс ұйымының президенті Пако Валькарсель бұрынғы чемпионды қосымша жазалауға ниеттеніп отыр. Ол WBO атқарушы комитетіне Сондерсті алты айға шеттетуді ұсынды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер