Бокс

WBC президенті UFC туралы: Олар шектен шығып барады

WBC президенті UFC туралы: Олар шектен шығып барады
news-banner7
mobile-news-top

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман UFC 229 турнирінде орын алған жаппай төбелестен соң жаңа ережелер қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Маурисио Сулейманның айтуынша бұл спортпен «үш қайнаса да, сорпасы қосылмайты» жағдай. WBC президенті боксшылар мен оның командасынан мұндай жағдай болмау үшін қатаң қадағалайтын болады.

- Олар шектен шығып барады. Жақында өткен кеңесте боксшылар мен олардың командасының өздерін қалай ұстау туралы жаңа ереже қабылдадық. Бұл шаршы алаңның сыртында, баспасөз мәслиxаты, салмақ өлшеу рәсіміне де қатысты, - деді Бүкіләлемдік бокс кеңесінің президенті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер