Бокс

Батыр Жүкембаев бокстан уақытша шеттетілді

Батыр Жүкембаев бокстан уақытша шеттетілді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев карьерасында алғаш рет нокдаунға түскеннен кейін бокстан уақытша шеттетілді.

Ол бірінші раундта нокдаунға түскеніне қарамастан қарсыласын нокаутқа түсіріп жеңіске жетті. Канаданың Квебек провинциясының бокс комиссиясы қазақстандық Батыр Жүкембаевты уақытша бокстан шеттету туралы шешім қабылдады.

Бұл шеттету боксшының алған жарақатынан кейін қалыпқа келіп алуы үшін жасалды. 27 қазаннан бастап Батыр Жүкембаев қайтадан шаршы алаңда жұдырықтаса алады. Қазақстандықтың келесі жекпе-жегі 24 қараша күні Канаданың Римуски қаласында өтеді. Алайда боксшының қарсыласы кім болатыны әзірге белгісіз.

Естеріңізге сала кетсек, Жүкембаев соңғы рет 7 қазан күні жұдырықтасты. Канаданың Квебек қаласында өткен бокс кешінде қарсыласы мексикалық Патрисио Морено болды.

Түпнұсқасы: sputniknews.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер