Волейбол

Азия Параойындары-2018: Волейболшылар қола медаль алды

news-banner7
mobile-news-top

Волейболды отырып ойнаудан Қазақстан құрамасы ІІІ Азия Параойындарында қола медаль үшін Ирак спортшыларымен кездесті, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі.

Қазақстандық спортшылар Ирактан келген параойыншыларды 25:22, 25:22, 25:19 есебімен 3 сетте жеңіп, Джакартада өтіп жатқан ІІІ Азия Параойындарының қола жүлдегері атанды.

10 қазандағы жарыс күнінде Қазақстан құрамасының қоржынына тағы 8 медаль түскенін хабарлаған болатынбыз.Олардың біреуі алтын, 4-еуі күміс және 3 қола медаль.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер