Теннис

Надаль Мальоркадағы су тасқынанан кейін қаланы тазалауға көмектесті

news-banner7
mobile-news-top

Теннистен әлемнің бірінші ракеткасы Рафаэль Надаль испаниялық Мальоркадағы су тасқынынан кейін қаланы тазалауға көмектесіп жатыр.

Тасқын салдарынан бес адам жан тапсырып, тағы бес адамды іздестірілуде. Екі жүзге жуық адам баспанасыз қалды.

Надаль қаланы тазалауға көмектесіп қана қоймай, су тасқынынан зардап шеккендер Надальдің теннис академиясын пайдалана тұруға мүмкіндік берді. Яғни, кешен басшылығы академия нысанын адамдарға баспана ретінде бере тұрмақ.

Айта кетейік, атақты теннисші Мальоркада дүниеге келген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер