ММА

МакГрегордің бапкері Нурмагомедовті қолдайды

МакГрегордің бапкері Нурмагомедовті қолдайды
news-banner7
mobile-news-top

Аралас жекпе-жек шебері Конор МакГрегордің бапкері Джон Кавана PowerfulJRE Youtube каналына берген сұқбатында Хабиб Нурмагомедов туралы айтты.

«Невада спорттық комисиясы Хабибті жазаламайды деген ойдамын. Конормен болатын алдағы реванш үшін айтып отырғаным жоқ, маған ресейліктің жекпе-жек стилі ұнайды. Оның октогоннан секіріп шығуы - бұл ақыр заман емес, мен оны түсінемін, дұрыс істеді деп те ойлаймын. Бірақ, оның командадағы жолдастарының қылығын құптамаймын», — деді бапкер.

Естеріңізге сала кетейік, Нурмагомедовтің спорттық мәдениетке жатпайтын бұл қылығы үшін UFC басшысы ресейлік файтерді чемпиондық белбеуінен айырмады. Алайда, Нурмагомедов 250 000 доллар көлемінде айыппұл төлейді және жекпе-жектен 6 айға шеттетілді.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер