Қысқы

Денис Тенді өлтіргендерді жақтаған мұғалімге қарсы сот ісі басталды

Денис Тенді өлтіргендерді жақтаған мұғалімге қарсы сот ісі басталды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді өлтіргендерді жақтап, әлеуметтік желіде жазба жариялаған мұғалім жұмыстан шеттетілді, енді сотқа дайындалып жатыр.

2 қазанда Орал қалалық сотының төрешісі Қайрат Өтешов істі қарауды қолға алды. 11 қазанда алғашқы сот отырысы болады.

Шерхан Байзенов 20 шілде күні Instagram желісіндегі жазбасында Денис Теннің суретін жариялап, қылмыскерлерді жақтап сөйлейді. Әлеуметтік желі қолданушыларының толассыз шағымынан кейін полицейлер мұғалімді ұстап, қылмыстық кодекстің 174-бабы 1-тармағы «Әлеуметтік, ұлттық, тектік, нәсілдік немесе діни алауыздық тудыру» бойынша іс қозғады. Бұл бап бойынша 2 жылдан 7жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Түпнұсқасы: zakon.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер