Қысқы

Ақтөбеде жаңа мұз айдыны ашылды

news-banner7
mobile-news-top

Өңірде соңғы рет мұз айдынында кәсіби деңгейдегі ойындар осыдан 28 жыл бұрын өткен екен.

Ширек ғасырдан астам уақыт өте шаһарда жаңа мұз айдыны ашылды. Жергілікті команда жарыс жолын республикалық жастар хоккей лигасында бастады. Алғашқы ойын петропавлдық «Құлагер» командасына қарсы өтті. Жаңадан ашылған спорт нысаны мемлекеттік және жекеменшік әріптестігі аясында салынған. Жоба құны – 3 миллиард 7 миллион теңге. Оның 70 пайызын словакиялық компания қаржыландырған. Мұз кешенінің жалпы ауданы – 8 жарым мың шаршы метр. Бұл ғимаратта спорттың қысқы түрлерінен бөлек шағын футбол, волейбол, баскетбол сияқты ойындардан халықтаралық дәрежедегі сайыстарды өткізуге мүмкіндік бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер