Бокс

Қазақстандық боксшылардың ІBO рейтингіндегі орындары анықталды

Қазақстандық боксшылардың ІBO рейтингіндегі орындары анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық бокс ұйымы (ІBO) барлық салмақ санатындағы спортшылар рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады.

Қазақстандық боксшылардың рейтингтегі орындары келесідей болды:

Суперауыр салмақтағы Иван Дычко 94-ші орыннан 95-ке түсті. Бірінші ауыр салмақ дәрежесіндегі Бейбіт Шүменов 31-ші орыннан 32-ге сырғыса, Иса Ақбербаев 50-ші орында қалды. 34-ші орында болған жартылай ауыр дивизиондағы боксшы Али Ахмедов 36-позициядан көрінді. Ал екінші орта салмақтағы Айдос Ербосынұлы 92-ші нөмірмен ТОП-100-ге енді.

Қыркүйекте Сауль «Канело» Альварестен жеңілген орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин рейтингте бірінші орынға орналастырылған. Ал Мейірім Нұрсұлтанов үш орын жоғалтып, 67-позицияға түсіп қалды. Сондай-ақ бірінші орта салмақта өнер көрсететін Мадияр Ашкеев 96-шы позицияны сақтап қалды. Жартылай орта салмақтағы Бақтияр Эюбов 92-ден 93-орынға сырғыды. Жанқош Тұраров болса ұйымның рейтингінен шығып қалды. Батыр Жүкембаев бірінші жартылай орта салмақ дәрежесіндегі кестеде 29-орында қалды. Екінші жартылай жеңіл дивизиондағы Бекман Сойлыбаев 50-ші орыннан 51-ге түсіп қалды.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер