ММА

Абдулманап Нурмагомедов: Мен Хабибті UFC-ге қарағанда қатаң жазалаймын

Абдулманап Нурмагомедов: Мен Хабибті UFC-ге қарағанда қатаң жазалаймын
news-banner7
mobile-news-top

Хабиб Нурмагомедовтың әкесі әрі жаттықтырушысы Абдулманап шәкіртін Конор Макгрегормен жекпе-жектен кейін жанжал шығаруына байланысты жазасыз қалдырмайтынын мәлімдеді, деп жазады Prosports.kz.

Лас-Вегас қаласындағы T-Mobilе кешенінде өткен жекпе-жекте ирландиялық Конор МакГрегорды жеңген Хабиб Нурмагомедов октагонның торынан қарғып түсіп, Макгрегордың спарринг серіктесі Диллон Дэниске жұдырық ала жүргірген болатын.

- Мен өзімнің қатаң санкциямды енгізуге мәжбүрмін. Тіпті UFC-ден де қатаңырақ жазалауым мүмкін. Себебі, октагон ішінде не істесеңде бәрі бір. Алайда, сегізбұрыштың сыртында бұған жол жоқ. Өйткені онда қарапайым халық отыр. Олардың арасында балалар, әйелдер бар. Олар толық қауіпсіз болуы керек, - деді Абдулманап ресейлік 5-ші телеарнаға берген сұқбатында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер