ММА

Видео: Макгрегор Нурмагомедовтың ағасымен жаға жыртысты

Видео: Макгрегор Нурмагомедовтың ағасымен жаға жыртысты
news-banner7
mobile-news-top

UFC 229 турнирінде жеңіліс тапқаннан кейін ирландиялық Конор Макгрегор қарсыласы Хабиб Нурмагомедовтың ағасымен жаға жыртысқан сәті түсірілген видео пайда болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Лас-Вегас қаласындағы T-Mobilе кешенінде өткен жекпе-жекте Хабиб Нурмагомедов МакГрегордан басым түскен болатын. Алайда, жекпе-жек аяқтала сала тәртіпсіздік орын алды. Бұны бастаған ресейлік спортшы болатын. Сол кезде Нурмагомедов октагонның торынан қарғып түсіп, Макгрегордың спарринг серіктесі Диллон Дэниспен төбелесе бастады, содан кейін торға Хабиб командасының өкілдері кіріп, ирландиялыққа жұдырық ала жүгірді.

Осы кезде Макгрегор да сегіз бұрыштан секіріп түсіп, Хабибтің командасына қарсы тұрмақ болған. Алайда, жол ортада ресейліктің ағасымен жұдырықтасып қалды. Нәтижесінде, екі тарап та бірнеше соққы алып тарасты.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер