ММА

Хабиб Нурмагомедов - Конор Макгрегор жекпе-жегінің бейнешолуы

Хабиб Нурмагомедов - Конор Макгрегор жекпе-жегінің бейнешолуы
news-banner7
mobile-news-top

Жанкүйерлер тағатсыздана күткен Хабиб Нурмагомедов пен Конор Макгрегор арасындағы жекпе-жек өтті, деп жазады Prosports.kz

Лас-Вегас қаласында өткен жекпе-жекте алғашқы минуттардан ресейлік спортшы басым болды. Конордың партерде нашар екенін білетін Хабиб мүмкіндік болған сәтте қарсыласымен күресе жөнелді. Тек үшінші раундта қос спортшы жұдырықтасқан еді. Ал төртінші раундта Хабиб Конорға қылқындыру әдісін қолданып, жеңіске жетті.

Алайда жекпе-жек аяқтала салысымен жанкүйерлерге жұдырық ала жүгірген Хабиб Нурмагомедовке чемпиондық белбеу берілген жоқ. Ресейлік спортшының уақытша жекпе-жектерден шеттетілуі әбден мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер