ММА

UFC 229. Хабиб Конорды қылқындырып тастады

UFC 229. Хабиб Конорды қылқындырып тастады
news-banner7
mobile-news-top

Жанкүйерлер тағатсыздана күткен Хабиб Нурмагомедов пен Конор Макгрегор арасындағы жекпе-жек өтті, деп жазады Prosports.kz сайты.

Лас-Вегас қаласындағы T-Mobilе кешенінде өткен жекпе-жекте алғашқы минуттардан ресейлік спортшы басым болды. Конордың партерде нашар екенін білетін Хабиб мүмкіндік болған сәтте қарсыласымен күресіп, ұтымды пайдаланады. Жекпе-жектің екінші кезеңінде де Хабиб Нурмагомедовтың басымдығы байқалды. Тек үшінші раундта Макргегор қарсыласына тойтарыс бере алды. Ал төртінші раундта Хабиб Конорға қылқындыру әдісін қолданып, жеңіске жетті.

Алайда жекпе-жек аяқтала салысымен ирландиялық спортшының командасына жұдырық ала жүгірген Хабиб Нурмагомедовке чемпиондық белбеу берілген жоқ. Ресейлік спортшының уақытша жекпе-жектерден шеттетілуі әбден мүмкін.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер