Қысқы

Элизабет Тұрсынбаева Финляндиядағы турнирде екінші орында келеді

news-banner7
mobile-news-top

Мәнерлеп сырғанаудан өтіп жатқан Finlandia Trophy-2018 ірі халықаралық турнирінде Элизабет Тұрсынбаева ел намысын қорғауда. Ол қысқа бағдарламаны сәтті орындады.

Дүбірлі сын Финляндияның Эспоо қаласында өтіп жатыр. Айдынға 19 елден 24 спортшы шығып, Тұрсынбаева қысқа бағдарламадан соң екінші орында келеді.

Ол алғаш рет 70 ұпайдан көп жинап, қазылардан 70.05 балл алды. Әзірге, біздің спортшының алдын ресейлік Елизавета Туктамышева орап тұр. Оның ұпай көрсеткіші – 73.83. Үшінші сатыда тағы бір ресейлік мәнерлеп сырғанаушы – Светлана Константинова.

Айта кетелік, еркін бағдарлама 7 қазанға жоспарланған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер