ММА

«Найман»: Хабибтің жеңетініне күмәнім жоқ

«Найман»: Хабибтің жеңетініне күмәнім жоқ
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық ММА файтері Қуат Хамитов ертең, яғни 7 қазан күні өтетін Хабиб Нурмагомедов пен Конор Макгрегор арасындағы жекпе-жекте кімнің жеңіске жететінін болжап көрді.

- Конор сегізбұрышқа соңғы рет 2 жыл бұрын шыққан. Ал спортшы үшін жарты жыл жекпе-жек өткізбеудің өзі кәдімгідей әсер етеді. Сол себепті менің ойымша бұл жекпе-жекте Хабиб - фаворит. Макгрегордың басымдығы - оның сол қолында. Хабиб соққы алмай, қарсыласын күресте тартатын болса, Конордың жеңіске деген мүмкіндігі жоқ. Оның үстіне дағыстандық спортшы тез шаршай қоймайды, - дейді Қуат Хамитов.

Айта кетейік, жанкүйер қауым асыға күткен жекпе-жек Астана уақыты бойынша 7 қазан күні таңертең Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер