Теннис

ATP Almaty Challenger турнирінің жеңімпаздары анықталды

ATP Almaty Challenger турнирінің жеңімпаздары анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Алматыда «Эйс» теннис орталығында жүлде қоры 50 мың долларды құрайтын теннистен ATP Almaty Challenger сериясының ірі халықаралық турнирі аяқталды.

Жарыстың жекелей финалында қызықты әрі тартысты өткен кездесулердің нәтиежсінде өзбекстандық Денис Истомин жеңіске жетті. Ол сербиялық қарсыласы Никола Милоевичтан 2:1 есебімен басым түсті.

- Қазақстанда мен әрқашанда көрермендердің жақсы қолдауын сезінемін. Әрине ол қуантады. Солар үшін жақсы теннис көрсетуге тырысасын. Бүгін қиын ойын болды. Жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Бұнын алдында Астанада екі рет ойнап, міне ақыры Алматыда жеңіске жеттім, - деді Денис Истомин.

Бір күн бұрын, осы орталықта жұптық топтың финалы өткен болатын. Оның қорытындысында чехиялық Колар Жданек пен Росол Лукас қазақстандық Тимур Хабибулин мен ресейлік Евгений Карловскийді ұтты.

Осылайша, жекелей және топтық разрядтың жеңімпаздары ұпайлардан бөлек, 7,2 мың және 3,1 мың долларға ие болды (жұптық).

- Бұл биылғы екінші Challenger турнирі болды. Біріншісі оның алдында М. Горький атындағы саябақта орналасқан орталықта өткізілген. Осы 8 күн бойы жалғасқан турнирге әр мемлекеттен келген 56 спортшы қатысты. Финалдық ойында көрермендер көп болды. Ол дегеніміз, біздің елде теннис ойынына қызығушылық бар деген сөз, - деді «Эйс» теннис орталығының директоры Андрей Квасов.

Айта кетер жайт, Almaty Challenger турниріне ұлттық құрама атынан Александр Бублик, Александр Недовесов, Тимур Хабибуллин, Сағадат Аяп және Денис Евсеев шыққан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер