Де ла Хойя: Үшінші жекпе-жектің болатын-болмайтынын Альварес шешеді
![Де ла Хойя: Үшінші жекпе-жектің болатын-болмайтынын Альварес шешеді](https://prosports.kz/upload/news/content/201131_9586d8a012d979362421537f1cd58f5c.jpg?v=28656443)
Golden Boy Promotions президенті Оскар Де ла Хойя Boxingscene порталына сұхбат беріп, орта салмақтағы WBC және WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы, мексикалық Сауль Альварестің (50-1-2,34КО) қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (38-1-1,34КО) болуы мүмкін үшінші жекпе-жегі туралы айтты.
«Екінші жекпе-жек өте тартысты болды. Ал үшінші жекпе-жек болуы әбден мұмкін, жанкүйерлер бұл айқасты көргісі келеді. Бастысы - Альварес жеңіске жетті, мен енді онымен сөйлесемін. Жалпы, үшінші жекпе-жектің болу-болмауын Альварес шешеді», - деді Де ла Хойя