ММА

Видео: Салмақ өлшеу рәсімінде МакГрегор Хабибқа қол жұмсады

Видео: Салмақ өлшеу рәсімінде МакГрегор Хабибқа қол жұмсады
news-banner7
mobile-news-top

Басты жекпе-жегінде ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен ирландиялық Конор МакГрегор күш сынасатын UFC 229 турниріне қатысушылардың салмақ өлшеу рәсімі өтті, - деп хабарлайды prosports.kz.

Жеңіл салмақ дәрежесіндегі (70 келі) чемпиондық атақты сарапқа салатын қос мықты салмақ лимитінмен сәйкес келді. Нурмагомедовтің салмағы 70,3 келі болды, ал қарсыласы одан 300 грам жеңіл тартты. Ал көз арбасу сәтінде басбұзар Конор тағы да шу шығарды. Ол алдымен қарсыласын ұрғысы келген, алайда екі ортада қолы компания президенті Дана Уайтқа тиіп кетті.

Жанкүйер қауым асыға күткен жекпе-жек Астана уақыты бойынша 7 қазан күні таңертең Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.


Естеріңізге сала кетейік, сәуір айында Нурмагомедов америкалық Эл Яквинтаны жеңіп, жеңіл салмақта чемпиондық атаққа қол жеткізген. Тағы бір айта кетерлігі, осы чемпиондық титул бұрын МакГрегорға тәуелді болатын. Енді ирландиялық үшін бұрынғы белдігін қайтарып алатын мүмкіндік туып тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер