BOXING/MMA/UFC
ММА

МакГрегордің ең үздік жекпе-жектері | ТОП-5

МакГрегордің ең үздік жекпе-жектері | ТОП-5
news-banner7
mobile-news-top

Назарларыңызға ирландиялық файтер Конор МакГрегордің UFC тарихындағы ең үздік шайқастарын ұсынамыз:

1. Конор Макгрегор – Дастин Пуарье

Ешқашан нокаутқа түспеген Пуарьені жекпе-жектің екінші минутында-ақ МакГрегор сұлатып түсірген болатын. Осы шайқастан соң UFC президенті Дана Уайт Конордың жартылай жеңіл салмақта чемпион болатынын айтқан болатын.

2. Конор Макгрегор – Чед Мендес

Мендеспен болған осы жекпе-жектен кейін Конорды әлем танып мойындаған болатын. Үшінші раундта ирланд қарсыласының бетінен ұрып нокаутқа түсірген болатын. Осылайша, Конор жартылай жеңіл салмақта UFC чемпионы атанды.

3. Конор Макгрегор – Жозе Алду

Әлем күткен шайқас 2015 жылдың желтоқсан айында орын алды. Жозе Алдуға қарсы жекпе-жекте МакГрегор оны 13 секундта-ақ быт-шытын шығарды. Осылайша, тартысты жекпе-жек бір соққыдан да болуы мүмкін екенін көрсетті.

4. Конор Макгрегор – Нейт Диас

Қарсыластар екі рет кездесіп бір-бірден жеңіске қол жеткізді, соңғы қанды шайқаста МакГрегор жеңіске ие болды. «Нэйт Диаспен кез келген жағдайда реванш өтеді. Бұл жекпе-жекті не жағдай болса да өткіземіз. Мен мұның қалай жүзеге асырылатындығын білмеймін, бірақ біз трилогияны жасаймыз» дейді Конор.

5. Конор Макгрегор – Эдди Альварес

Екі жыл бұрын өткен Альвареспен шайқаста ирландиялық екінші раундта техникалық нокаутпен жеңімке жеткен болатын.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер