Хоккей

«Ақтөбе» хоккей клубы құрылды

news-banner7
mobile-news-top

Ақтөбе спорт тарихында 28 жыл өткен соң өңірде кәсіпқой хоккей командасы қайта пайда болды.

Ақтөбеде шайбалы хоккейден жастар лигасын құру бойынша шешімді Ақтөбе облысы әкімдігінің бастамасымен Қазақстандық хоккей федерациясы қабылдады. Енді «Ақтөбе» ХК 7-8 қазан аралығында өз жерінде республикалық жастар хоккей лигасының маусымдық ашылуында алғашқы ойынын өткізеді. Алғашқы ойында «Ақтөбе» хоккей клубы петропавлдық «Құлагер» командасына қарсы матчта ойнайды.

- Енді бізде хоккей клубы бар. Бұл спорт түрінің қайта жандануы, аймақта қысқы спорт түрлерін дамытуға және жастардың қызығушылығының одан әрі артуға септігін тигізеді. Сондай-ақ, атап кетейін, клубтың бас бапкері - словакиялық Юлиус Пензес. Бұған дейін «Ертіс» командасын жаттықтырған. Қазіргі уақытта, Ақтөбе өңіріне шақыртылып, өзінің жұмысын бастап кетті, - деп хабарлайды Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мейрамбек Махамбетов.

Айта кетейік, 7-8 қазан аралығында республикалық жастар хоккей лигасының маусымдық ашылуы Ақтөбеде жаңадан бой көтеріп жатқан Мұз сарайында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер