Григорий Бабаян: Барша Қазақстанды жеңіспен құттықтаймын

Григорий Бабаян: Барша Қазақстанды жеңіспен құттықтаймын
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» - «Ренн»(2:0) арасындағы кездесу аяқталғаннан кейін елорда командасы бас бапкерінің уақытша міндетін атқарушы Григорий Бабаян матчтуралы өз пікірін білдірді:

- Барша Қазақстанды жеңіспен құттықтаймын! Ойын соңына дейін жанкештілік танытқан жігіттерге ерекше алғысымды білдіремін. Дәл мұндай кездесуде сәттіліксіз болмайтыны анық. Кездесу соңына таман қорғаныста ойнауға тура келді. Себебі, Қазақстан чемпионатындағы ойын жылдамдығы төменірек. Дегенмен, жігіттер бұл жеңіске лайықты ойын көрсетті. Стадионға келіп, бізге қолдау көрсеткен барлық жанкүйерлерге ерекше алғыс айтамын. Олар өте керемет еуропалық футбол атмосферасын туғыза алды.

- Ласло Кляйнхайслер неліктен алаңға шыққан жоқ?

- Ласло кешегі жаттығу жұмыстарында өзін жайсыз сезінгендіктен, біз тәуекелге баруды жөн санамадық.

- Бактиер Зайнутдиновтың ойынына қандай баға бересіз?

- Бактиер өзін жақсы қырынан көрсетіп, өте керемет ойнады. Ойын соңында шаршағандықтан, алмастыруын сұрады. Ол командаға қажет позицияда ойнауға әрқашан дайын.

Түпнұсқасы: fca.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер