Футзал

«Ақтөбе» финляндиялық команданы сенімді жеңді

news-banner7
mobile-news-top

«Ақтөбе» футзал клубы бүгін Чемпиондар лигасы аясындағы екінші матчын өткізді, деп жазады prosports.kz.

«Ақтөбе» клубы футзалдан Еуропаның ең беделді турниріне алғаш рет қатысып отыр. Олар бір топта хорватиялық «Ново Вриемя», финляндиялық «Кампуксен Динамо» және грузиялық ТМС командаларымен ойнайды. Ойындар Хорватияның Макарска қаласында өтіп жатыр.

«Ақтөбе» алғашқы матчын Грузияның ТМС командасына қарсы өткізіп, 6:2 есебімен сенімді жеңген.

Ал бүгін финляндиялық «Кампуксен Динамо» командасымен кездесті. Ойын қорытындысында қазақстандық команда 0:3 есебімен жеңіске жетті.

Чемпиондар Лигасы. Футзал.

«Кампуксен Динамо» - МФК «Ақтөбе» - 0:3 (0:1)

«Ақтөбе» сапынан гол соққан: Альберт Акбаликов (9, 29, 36 минут).

«Ақтөбе» командасының Чемпиондар Лигасының негізгі кезеңіндегі ойын кестесі:

03.10.2018. 22:00. МФК «Ақтөбе» - ТМС (Грузия) - 6:2

04.10.2018. 22:00. «Кампуксен Динамо» (Финляндия) - МФК «Ақтөбе» - 0:3

07.10.2018. 00:30. МФК «Ақтөбе» - «Ново Вриемя» (Хорватия)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер