Футзал

ЧЛ: «Қайрат» екінші ойында «Спортингті» жеңді

ЧЛ: «Қайрат» екінші ойында «Спортингті» жеңді
news-banner7
mobile-news-top

Чемпиондар Лигасының негізгі кезеңі аясындағы екінші матчын «Қайрат» португалиялық «Спортинг» командасына қарсы өткізді, деп жазады prosports.kz.

Жеребе қорытындысы бойынша алматылық «Қайрат» португалиялық «Спортинг», беларустік «Лида» және косоволық «Феникс» командаларымен бір топқа түскен.

Барлық ойындар Косовода өтіп жатыр.

Пауло Рикардо Кака шәкірттері бірінші матчын кеше алаң иелері «Феникс» командасына қарсы өткізіп, 3:7 есебімен жеңген.

Ал бүгін төртінші топтың тағы бір фавориті «Спортингпен» күш сынасты. Аса тартысты өткен кездесу 2:1 есебімен алматылықтар жеңіске жетті. Осылайша, «Қайрат» Чемпиондар лигасының элиталық кезеңіне жолдама алды. Топтағы соңғы ойын топ көшбасшысын анықтайтын болады.

Чемпиондар Лигасы. Футзал.

АФК «Қайрат» – «Спортинг» (Португалия) - 2:1 (2:1)

«Қайрат» сапынан гол соққандар: Тайнан (5 минут), Песс Перейра (12 минут).

Негізгі құрам: Игита (Қ), Ранжел, Джон Леннон, Диего Фаверо, Нургожин.

Қосалқы құрам: Дуду, Жаманкулов, Эдсон, Сулейменов, Тайнан, Турсагулов, Тайеби, Оразов, Есенаманов.

Бас бапкер: Кака

«Қайрат» командасының Чемпиондар Лигасының негізгі кезеңіндегі ойын кестесі:

03.10.2018. 01:30. «Феникс» (Косово) – АФК «Қайрат» - 3:7

04.10.2018. 23:00. АФК «Қайрат» – «Спортинг» (Португалия) - 2:1

06.10.2018. 23:00. «Лида» (Беларусь) – АФК «Қайрат»

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер