«Астана» өз алаңында «Реннді» сенімді жеңді

«Астана» өз алаңында «Реннді» сенімді жеңді
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін елордада УЕФА Еуропа Лигасының екінші туры аясында «Астана» франциялық «Ренн» командасын қабылдады, деп жазады Prosports.kz.

Ойынның алғашқы таймында есеп ашылмады. Негізі қос команданың гол соғатын мүмкіндігі де бола қойған жоқ. Қорғаныста сақ қимылдаған қарсыластар үзіліске дейін қақпа кілтін таба алмады.

Ал матчтың екінші бөлігінде командалар ширақ қимылдады. Қарсылас қақпасын жиі торуылдап, гол соғудың мүмкіндігін іздеген. Осындай шабуылдардың нәтижесінде «Астана» есеп ашты. Ойынның 65-шы минутында бұрыштамадан көтерілген допқа бірінші жеткен Бактиер Зайнутдинов гол соқты. Бұл Бактиердің Еурокубоктардағы алғашқы голы болатын.

Осы нәтиженің өзі елордалықтарға жеткілікті еді. Алайда қарымта шабуылға сәтті шыққан Бабаян шәкірттері ойынға қосылған қосымша уақытта екінші голды соқты. Бұл жолы көзге хорватиялық легионер Марин Томасов көзге түсті.

Еуропа лигасы. Топтық кезең. Екінші тур

«Астана» - «Ренн» - 2:0 (0:0)

Гол соққандар: Зайнутдинов 65, Томасов 90+4

«Астана»: Ненад Эрич (К,Қ), Дмитрий Шомко, Марин Аничич, Евгений Постников, Антонио Рукавина, Иван Маевский, Ричард Алмейда (Мужиков, 63), Бактиер Зайнутдинов (Логвиненко, 75), Педро Энрике, Марин Томасов, Жуниор Кабананга (Янга, 72).

«Ренн»: Абдулай Диалло (В) - Мехди Зеффан, Дамьен Да Сильва, Людовик Бааль (Бенсебайни, 28), Жереми Желен - Денис-Вий Поа (Юханссон, 77), Бенжамен Андре (К), Клеман Гренье - Джеймс Леа Силики (Дель Кастийо, 69), Бенжамен Буриго, Мбайе Ньянг.

Ескерту алғандар: Зайнутдинов 37, Ньянг 41, Бенсебайни 61, Мужиков 88, Эрич 89, Педро Энрике 89.

Төреші: Маттиас Гестраниус

4 қазан. Астана. «Астана-Арена».

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер