Ұлттық спорт

Алматы әкімінің кубогына арналған бәйге өтеді

news-banner7
mobile-news-top

Алматыда 2018 жылғы ат жарыс маусымы жалғасуда. Қазанның 7-і күні Алматының республикалық ипподромында Алматы қаласы әкімінің кубогына арналған бәйге өтеді.

Осы жылғы 11-ші ат жарыс күнінде 7 бәйге өткізіледі:

  • * 2-жасар аттар арасындағы жүлде, қашықтығы 1600 м
  • * 3-тен жоғары жас аралығындағы аттар жүлдесі, қашықтығы 1600 м, қыздар бәйгесі
  • * «Иванов В.В. құрметіне арналған Луговский Ат зауыты» жүлдесі, 3-тен жоғары жас аралығындағы ақылтеке тұқымы аттары арасынадағы жарыс, қашықтығы 1600 м
  • * Алматы қаласы әкімі кубогы, 3-тен жоғары жас аралығындағы аттар жарысы, 1-топ, қашықтығы 4000 м
  • * «Мангуста» жүлдесі, 3-жастан жоғары араб тұқымы биелер арасындағы жарыс, қашықтығы 2000 м
  • * Қазақстанда туылған 3-жастан жоғары аттар арасындағы гандикап жарысы, қашықтығы 2400 м
  • * Ат зауытшыларының кубогы, 3-тен жоғары жастағы аттар, 1-топ, қашықтығы 2400 м
  • * Аламан бәйге, 21 шақырымдық қашықтық
  • * Жорға-жарыс, 8 шақырымдық қашықтық

Сондай-ақ, қала тұрғындары мен қонақтары үзіліс кезінде пони арасындағы жарыстарды тамашалап, ат жарысының әр түрлерін тамашалай алады. Ал, қолөнер сүйер қауым ұлттық нақышта жасалған дүниелерді көріп, ипподром кафесінде демалуға мүмкіндік алады.
Айта кетер жайт, жалпы биылғы «Алматы қаласының халықаралық спорттық жобалар Дирекциясы» мемлекеттік қорының қолдауымен ат жарыс маусымында алматылық республикалық ипподромында 12 жарыс күні өткізіліп, 350 бас асыл тұқымды аттардың бағын санамақ.

  • Өтетін күні: 7 қазан 2018 жыл
  • Басталуы: 12:00-де
  • Кіру: тегін
  • Мекенжай: Омаров көшесі 10А (Құлагер ықшам ауданы)
Түпнұсқасы: almatysports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер