Боченски аптаның үздік ойыншысы атанды
![Боченски аптаның үздік ойыншысы атанды](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1388680853_632924524.jpg?v=28705581)
«Барыс» хоккей клубының сұрмергені Брэндон Боченски құрлықтық хоккей лигасында аптаның үздік шабуылшысы атанды.
Екі кездесуде Боченски 9 ұпайды иеленсе, жалпы есепте америкалық легионердің еншісінде - 200 ұпай.
Ал «Автомобилист» ойыншысы Якуб Коварж үздік қақпашы номинациясын иеленді. Сондай-ақ «Динамоның» қорғаушысы Доминик Гранякта үздіктер қатарында.
Қазіргі таңда елордалық клуб 79 ұпаймен Шығыс конференциясының турнир кестесінде екінші орында келеді. Топ басында 83 ұпаймен «Ақ Барс» тұр.