русский язык
Теннис

Зарина Дияс Гонконгте сүрінбей келеді

Зарина Дияс Гонконгте сүрінбей келеді

Гонконгте Зарина Дияс ITF жарысының 1/2 финалына шықты.

Отандасымыз ширек финалда қытайлық Хан Синьюнді жеңді. Жалпы есеп – 6:1, 6:1. Зарина 2 эйс пен 7 брейк жасады.

Бұдан басқа, Зарина Дияс пен гонконгтік Чжан Лин жұбы ITF жарысының жұптар арасында финалдық кездесуге жолдама алды.

Дияс пен Чжан жұбы жартылайфиналда жапондық Рико Фудзивара мен Тайваньдық Сиэ Шу-Иннан басым түсті. Есеп – 5:7, 7:6 (11:9), 10:7.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;