Жеңіл атлетика

Ольга Рыпакова жаңа жүлдені қабылдай алмайтынын айтты

Ольга Рыпакова жаңа жүлдені қабылдай алмайтынын айтты
news-banner7
mobile-news-top

Кешеден бері Ольга Рыпакованың ресми түрде 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері деп танылғаны туралы ақпарат таралған болатын.

Бұл хабарды Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі жеткізген-ді. Бірақ даңқты жерлесіміздің өзі бұл жүлдені қабылдай алмайтындығын айтты.

– Әр нәрсенің өз уақытымен болғаны жақсы. Жүлде ұтып, тұғырда тұрған сәттегі қуанышыңды ештеңемен де салыстыруға болмайды. Бүгінгі жеңіс маған ондай тамаша көңіл күй сыйламады, – дейді спортшы.

Ольга Рыпакова мұндай жеңісті спортшы өз күшімен жеңіп алуы тиіс екендігін айтады.

– Тыйым салынған дәрі-дәрмекті пайдалануға үзілді-кесілді қарсымын. Жеңіске ақ жолмен жету керек, – деді ол.

Ольга Рыпакова жоғарыда өзі айтқандай тамаша көңіл күйді Токиода болатын Олимпиадада сезінгісі келетіндігін айтып қалды сөз арасында.

– Токиода болады деп жоспарланған Олимпиадаға қатысқым келеді. Ол үшін жақсы даярланып, жарақат алмауға тырысу керек. Бірақ менде одан бұрын да жоғары деңгейдегі жарыстар бар. Әлем чемпионаты мен «Гауһар лига» күтіп тұр, – деді спортшы.

Түпнұсқасы: altaynews.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер