BOXING/MMA/UFC
Бокс

Головкинді жеңген «Канело» бұрынғы сүйіктісімен қайта табысты

Головкинді жеңген «Канело» бұрынғы сүйіктісімен қайта табысты
news-banner7
mobile-news-top

Әйгілі Геннадий Головкинді жеңгеннен кейін Сауль Альварес бір қызының анасы, бұрынғы сүйіктісімен қайта табысты.

Бұл туралы мексикалық боксшы Фернанданы жеңісін тойлауға арналған кешке ертіп келгенде-ақ белгілі болды.

Былтыр желтоқсан айында Альварестің Мария Фернанда Альварес Гомес атты қызы дүниеге келген болатын.

Сауль мен Фернанда жақында Араб елдеріне демалысқа бірге аттанды.

Айта кетейік, Сауль Альварестің төрт әйелден төрт баласы бар. Жақында ғана Нельда Сепульведамен қарым-қатынасынан пайда болған кішкентай Сауль Адьель деген ұлы дүниеге келген болатын.

Сондай-ақ, Валерия Киростан есімді ару Канелоға Эмилия Синнамон Альварес есімді қыз сыйласа, Марисоль Гонсалестен боксшының Миа Энер деген қызы бар.

Түпнұсқасы: mx.hola.com Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер