Баскетбол

«Астана» Президенттік баскетбол клубына үш легионер қосылды

«Астана» Президенттік баскетбол клубына үш легионер қосылды
news-banner7
mobile-news-top

Президенттік баскетбол клубы биыл 3 легионермен, барлығы 6 ойыншымен толықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Астана» клубы 26 жастағы америкалық баскетболшы Джалил Обрайнмен (шабуылшы) бір жылдық келісімшартқа отырды. Бұл Джалилдің АҚШ-тан тыс, шетелде бірінші рет өнер көрсетуі. Обрайн кәсіби карьерасын «Юта Джаздың» фарм-клубы - «Солт Лейк Сити Старз» командасында бастаған (G-лига). 2016 жылы «Юта Джаз» командасының негізгі құрамымен келісімшартқа отырған. 2017/2018 маусымын «Аква Калиентэ Клипперс» командасында өткізді.

29 жастағы америкалық тағы бір кәсіпқой баскетболшы Кеннет Хортон (шабуылшы) спорттық мансабын Францияда бастаған. Кейін Кипр командасы үшін ойнаған. 2013/2014 жылдарғы маусымын Мексикадағы «Huracanes de Tampico» командасында, 2014/2015 маусымын келісімшарт негізінде Финляндияның «Kataja Basket» клубында өткізген.

АҚШ-тан шақырылған үшінші ойынша Джэффри Гроселл (орталық шеп ойыншысы) ​25 жаста. Ол «Астана» ПБК-мен 2018/2019 жылдар маусымына бір жылдық келісімшартқа отырды. Бұған дейінгі екі маусымды Бундеслигада өткізген.

Президенттік баскетбол клубының сапын толықтырған қазақстандық жас спортшылар - Руслан Айтқали (қорғаушы), Асқар Майдекин (орталық шеп ойыншысы)және Николай Бажин (қорғаушы).

Айта кетейік, ВТБ бірыңғай лигасының чемпионаты 2018 жылдың 5 қазаны мен 2019 жылдың 28 сәуірі аралығында өтеді.

«Астана» баскетболшылары 7 қазан күні алғашқы ойында Мәскеудің «ЦСКА» командасын қабылдайды.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер