русский язык

Томасов клубтың сұрмергендері тізімінде үздік ондыққа енді

«Астана» жартылай қорғаушысы Марин Томасов талдықорғандық «Жетісуға» қарсы кездесуде дубль авторы атанып, елорда командасы сапындағы голдар санын 16-ға жеткізді.

Хорватиялық ойыншы осы нәтижесі арқылы клуб тарихындағы үздік сұрмергендердің ондығында, еншілерінде 15 голдан бар Серікжан Мужиков пен Роман Муртазаевты артқа тастап, рейтингтің 10-шы орынына жайғасты.

Қазіргі таңда клуб тарихындағы үздік сұрмергендер Патрик Твумаси (69 гол), Таңат Нөсербаев (54 гол) және Жуниор Кабанага (38гол).

Түпнұсқасы: fca.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;