русский язык

Ласло Кляйнхайслер – «Астана» - «Жетісу» кездесуінің үздік ойыншысы

Ойыншылардың барлық статистикалық көрсеткіштерін есептейтін Instat аналитикалық компаниясы «Астана» - «Жетісу» (3:0) арасындағы кездесуге қатысқан футболшылардың Index нәтижелерін жариялады, деп жазады елордалық клубтың ресми сайты.

Осы көрсеткіштер бойынша Ласло Кляйнхайслер аталмыш кездесудің үздік ойыншысы атанды. 24 жастағы жартылай қорғаушы екінші қабаттағы допқа таластың барлығында жеңіске жетіп, 100% нәтиже көрсетті. Оған қоса, венгриялық ойыншы Алмат Бекбаев қорғаған қақпаға тура екі соққы бағыттаған.

Екінші орында команда капитаны Ненад Эрич. Елорда қақпашысы бірнеше мәрте қарсылас команда ойыншыларының бағыттаған соққысын қайтарып, қақпасын «құрғақ» сақтап қалған болатын.

Үздік үштікті Юрий Логвиненко қорытындылады. Юра допқа таластың 81%-да жеңіске жетіп, 91% тура пас берген.


Үздік бестік:
1.Ласло Кляйнхайслер 326
2.Ненад Эрич 289
3. Юрий Логвиненко 288
4.Марин Томасов 274
5.Евгений Постников 249

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;