русский язык

Қазақстан жастар құрамасына шақырту алған ойыншылар тізімі

Қазақстан жастар құрамасына шақырту алған ойыншылар тізімі
Жастар арасында 2019 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінде Черногориямен өтетін матч алдында Қазақстан жастар құрамасы 9-14 қазан аралығында Астанада оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Талғат Байсуфинов келесі іріктеу кезеңіне қатысатын 1998-1999 жылғы 22 футболшыны шақырды.

Ойыншылардың тізімі:

Қақпашылар: Илья Сотник («Екібастұз»), Мұхамеджан Сейсен («Тараз»), Жандар Жанғалиев («Мақтарал»);

Қорғаушылар: Рауан Орынбасар («Жетісу М»), Талғат Кусяпов («Оқжетпес»), Сағадат Тұрсынбай («Тараз»), Әлібек Қасым, Мәди Айтөре, Ұлан Өтеушов (барлығы - «Қайрат А»), Елжас Сарбай («Байқоңыр»), Алтынбек Төлеев («Алтай»), Айбар Нұрдалиев («Қайрат М»);

Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов («Қайрат А»), Роман Уханов («Петрокаб», Молдова), Наурызбек Жагоров («Оқжетпес»), Евгений Мосин («Екібастұз»), Нұрболат Батырханов («Ақтөбе-Жас»), Жан-Әли Пайруз («Шахтер»);

Шабуылшылар: Жандос Сұлтан («Алтай»), Марлен Айманов («Қайрат М»), Өркен Махан («Байқоңыр»), Рамазан Кәрімов («Астана М»);

Резерв: қақпашы - Бекхан Шайзада («Ордабасы»), қорғаушылар - Дінмұхамед Қашкен («Жетісу Б»), Ернұр Құсайынов («Екібастұз») Никита Ярков («Қайрат М»), жартылай қорғаушы - Геворг Наджарян («Шахтер»), шабуылшы - Артур Шушеначев («Қайрат А»).

Жаттықтырушылар штабы: Талғат Байсуфинов – аға жаттықтырушы, Алмас Құлшынбаев – аға жаттықтырушының көмекшісі, Марат Еслямов – аға жаттықтырушының көмекшісі, Юрий Ишутин – қақпашылардың жаттықтырушысы, Ахмадхон Искандаров – дәрігер, Евгений Карнаухов – массажист, Тимур Құсайынов – сарапшы, Азамат Жакудин – администратор, Александр Брейткрейц – менеджер.

Жастар арасында 2019 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турниріндгі Черногория-Қазақстан матчы 16 қазан күні Черногорияның Никшич қаласында өтеді.

Түпнұсқасы: kff.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;