русский язык

Қарызға батқан «Ақтөбені» басшылары 100 миллион теңгеге сатпақшы

Қарызға батқан «Ақтөбені» басшылары 100 миллион теңгеге сатпақшы

Осы уақытқа дейін бірнеше рет «Ақтөбе» футбол клубын аукционға қойған өңірдің қаржы басқармасы тендер жариялады.

Алайда бұл қаржыны толығымен өтеген күнде де жаңа қожайын клубқа 100% ие бола алмайды екен. Себебі қолына алған күннен бастап жеті жылға дейін сенімхатпен ғана басқарады.

Сонымен қатар, шенділер рұқсат бермейінше команда жаттықтырушысы мен директорын лауазымынан түсіріп не болмаса қайта сайлауға қауқары болмайды.


Атышулы аяқдопшылар клубына иелік ететін кәсіпкер талап етілген 100 млн теңгені төлеумен қоса бұған дейін қарыздарын жабуы керек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;