русский язык

Абат Айымбетов: Жанкүйерлерден кешірім сұраймын

Абат Айымбетов: Жанкүйерлерден кешірім сұраймын

«Ақтөбе» шабуылшысы Абат Айымбетов «Қайрат» командасымен өткен Премьер-лиганың 28 тур ойынына қатысты пікір білдірді.

- Ойын біз күткендей болмады. Дәл осындай ойын есебі болады деп ойлаған жоқпыз. Ойынға жақсы дайындықпен шықтық. Екі жылдам гол жіберіп алдық. Содан кейін салымыз суға кетіп қалғандай болды. Психологиялық тұрғыда қайта жинақталу қиынға соқты. Екінші таймда гол соғып, лайықты жауап қатуға тырысқан едік, бірақ одан ештеңе шықпады. Бұл ойында біздің ойынымыз тоқырауға ұшырады. Бүгін бізді қолдауға келген жанкүйерлерге рақмет айтамын. Жігерсіз ойын көрсеткеніміз үшін ұялып тұрмыз. Бәрінен кешірім сұраймын, - деді футболшы.

Түпнұсқасы: fc-aktobe.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;