Командалық

Регбиден Қазақстан құрамасы Инчхондағы Азия турында күміс жүлдегер атанды

news-banner7
mobile-news-top

Регбиден Қазақстан әйелдер командасы Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен Азия турының екінші кезеңінде күміс жүлдегер атанды, деп жазады Олимпиада комитетінің ресми сайты.

Қазақстан құрамасы турнир барысында Жапониядан ғана жеңілді. Есеп – 17:12.

Финалға дейін біздің команда Қытайды 29:5, Гонконгты 26:14, Таиландты 17:0 есебімен тізе бүктірген болатын.

Бір айта кетерлігі, Азия турының бірінші айналымында Қазақстан Қытайға есе жіберген еді. Бұл жолы айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Еске сала кетейік, Азия турының бірінші кезеңінде Қазақстан құрамасы үшінші сатыдан көрінді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер