Жеңіл атлетика

Әйелдер марафоны өтті

Әйелдер марафоны өтті
news-banner7
mobile-news-top

«Атакент» көрме орталығы саябағында жыл сайынғы әйелдердің жүгіру жарысы өтті. 350 қатысушының әрқайысысы мәреде алқа мен раушан гүлін алды.

Алматы қаласы әкімдігі, «Бірінші болуға батылдық» Корпоративтік қоры, «World Class Almaty» фитнес-клубы және Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қорының қолдауымен өткен марафонның қатысушылары саябақта екі айналым жүгіріп, жалпы алғанда 8 км қашықтықты еңсерді.

Наргиза Игликова, Инна Рыжих пен Дарья Бычкова абсолютті чемпиондар атанды.

Өз жас санаттарында алғаш болып келгендер:

15-29 жастағы қатысушылар арасынан - Айжан Жанбатыр;

30-39 жас - Аида Естерекова;

40-49 жас - Ольга Машинская;

50 жастан үлкен санатында – Любовь Асанова.


Түпнұсқасы: baq.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер