Бокс

Үш қазақстандық боксшы қарсыластарын ойсырата жеңді

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Нұрсұлтан Жанабаев кәсіптік рингте төртінші жеңісіне жетті.

Жеңілмеген спортшы Мәскеуде өткен бокс кешінде өзінің мүмкіндігін көрсетті. Ол Әзербайжан боксшысы Эмин Биннаталиевпен жұдырықтасты.

Жекпе-жек алты раундқа созылуы тиіс еді. Біріншісінде Жанабаев қарсыласын нокдаунға жіберді, екінші ранудта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Бокс кешінде Асхат Жантұрсынов пен Ержан Залилов та қарсыластарына еш мүмкіндік бермеді. Лақап аты "Ракета" Ержан Залилов кәсіптік рингтегі 11-ші жеңісін тойлады: оның қарсыласы ресейлік Александр Салтыков төртінші рандтан кейін әрі қарай жұдырықтасудан бас тартты.

Асхат Жантұрсынов кәсіптік рингтегі екінші жекпе-жегін өткізіп, латвиялық Эдгарс Калнарстан басым түсті.

Түпнұсқасы: sputniknews.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер