Велоспорт

Давиде Виллелла «Алматы турының» бірінші кезеңінде жеңіске жетті

Давиде Виллелла «Алматы турының» бірінші кезеңінде жеңіске жетті
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін «Алматы туры - 2018» кәсіби веложарысының бірінші кезеңі өтті. Бұл дода осыдан 15 жыл бұрын қайғылы жағдайда көз жұмған Андрей Кивилевтің рухына арналған болатын. Турға әлемнің 15 мемлекетінен 19 команда қатысты.

Бұл туралы Prosports.kz ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жарысқа қатысушылар жалпы есебі 182,7 шақырымды артта қалдырып, 7 айналым жасады. Алғашқы шақырымдарда-ақ пелотон бірнеше топқа бөлініп, «астаналық» Луис Леон Санчес пен Давиде Виллелла қара үзіп кеткен еді.

Мәреге 25 шақырым қалғанда Давиде Виллелла командаластары Луич Санчес пен Жандос Бижігітовтің қолдауынсыз қалды. Десе де, шешуші сәтті шабуылға шыққан ол қарсыластарынан 35 секундқа озып, «Алматы турының» бірінші кезеңінде жеңіске жетті.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер