Бокс

Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегі жайында ресми хабарлады

Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегі жайында ресми хабарлады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы рингке 3 қарашада оралады.

Бұл туралы Жәнібектің командасы Инстаграм парақшасында жариялады.

Естеріңізге салсақ, бүгін Әлімханұлы АҚШ-тағы алғашқы жекпе-жегін өткізіп, колумбиялық Карлос Гальванды төрешілер шешімімен жеңген болатын.

«Барлық жанкүйерге алғыс білдіреміз. Қолдауларыңызға көп рақмет. Америкадағы алғашқы жекпе-жек өте сәтті өтті. Жәнібек ешқандай жарақат алмады. Бұйыртса, келесі жекпе-жек 3 қараша Техаста өтеді. 1-2 күн демалып, дайындықты қайта бастаймыз», - деп жазылған хабарламады.

BoxRec.com сайтының ақпараты бойынша, Әлімханұлы 3 қарашада америкалық Вон Александермен жұдырықтасады. Бұл боксшы қарумен ұрлық жасағаны үшін 11 жыл түрмеде отырған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер