PROСПОРТ-блог
Әлем футболы

Үнді дизайнері «ПСЖ» клубына арнап коллекция шығарды

Үнді дизайнері «ПСЖ» клубына арнап коллекция шығарды
news-banner7
mobile-news-top

Үнді елінен шыққан сәнгер-дизайншы Маниш Арора «ПСЖ» футбол клубымен бірге париж клуб жанкүйерлеріне арналған жаңа киім топтамасын шығарды.

Арора «ПСЖ» клубының негізгі жұлдыздарының (Мбаппе, Неймар, Кавани және басқалар) бет-бейнесін жеңіл жейделер мен свитшоттарға салған.

Топтаманың тұсаукесері 27 қыркүйекте Париждегі сән апталығында өтті.

Арораныңың айтуынша, оның мұндай коллекцияны ойлап табуына 2018 жылғы әлем чемпионатында француз құрамасының жеңісі шабыттандырған.

«Париж әрдайым жүрегімде», - дейді сәнші.

Арора «ПСЖ» эмблемасымен жұмыс істеді - бұл киімге қызғылт түсті жүрекшелер жапсырмасын қолданды.

Маниш Арора атақты брендтің шығармашылық жетекшісі болып табылады. Оның киімдерінде Леди Гага, Рианна, Кэти Перри және басқа да танымал адамдар пайда болды. Арора спорттық тематикадағы киім үлгісін 2005 жылы Reebok компаниясымен келісім-шартқа қол қоя отырып шығара бастады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер