русский язык

«Алтын тұғыр» марапаттау рәсімін тамашалайық!

«Алтын тұғыр» марапаттау рәсімін тамашалайық!

Бүгін «Астана» арнасы көрермендер назарына Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығы өткізген «Алтын тұғыр» сыйлығының тапсыру рәсімінің көрсетілімін ұсынады.

ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы ұлттық спорт түрлерін республика деңгейіне көтеріп, «Көкпар» мен «Саятшылық», түркі тілдес халықтардың дәстүрлі ортақ спорт түрлерін дамыту туралы халықаралық семинар кеңестер, «Көкпардан І ашық Азия чемпионаты», «Құсбегілердің І Халықаралық фестивалі», Қазақ күресінен Еуразия, Әлем чемпионаттары, Тоғызқұмалақтан Азия чемпионаттарын өткізген болатын. Игі істерге мұрындық бола отырып, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы 2013 жылдың 26 желтоқсанында жыл қорытындысын жасап, жыл үздіктеріне «Алтын тұғыр» номинациясын тапсырды. «Алтын тұғыр» ұлттық спорт түрлері бойынша үздік қырынан танылған спортшыларға, жаттықтырушыларға және журналистер мен қоғамның белсенді мүшелеріне берілді. Бұл Ұлттық спорттың он жылдық тарихында тұңғыш рет қолға алынып отырған игі бастама. Биылғы жылы бұл марапатты Қауымдастықтықтың арнайы шешімімен ұлттық спорттың 26 үздігі иеленді.
Елордада өткен салтанатты игі шараны көрермендер бүгін «Астана» арнасынан 21 сағат 30 минутта тамашалай алады (Астана уақытымен). Айтыс ақындары мен өнер жұлдыздары, елімізге танымал қоғам қайраткерлері қатысқан шараны тамашалау мүмкіндігін жіберіп алмайық!

 

Нұрсерік ЖОЛБАРЫС

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;